Актер Тәуекел Мүслім көпшілікке балалық шағы өткен және әкесі жерлен жерді көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әкесінің бейітіне Құран бағыштағанын айтып, сол жермен байланысты естеліктерін бөлісті.
«Шымкенттен 60 шақырым жерде, Түркістанның ортасында «Темірлан» атты ауыл бар. Сондай әдемі жер. Не үшін бұл жерге келе жатырмын? Себебі бұл жерде әкемнің жанында көп болмаса да балалық шағым өткен. Көп уақыт өткізе алмасам да, соның өзі мен үшін өте ыстық. Сондай-ақ осы жерде әкем жерленген. 2010 жылы қайтыс болды. Енді сол әкемнің басына құран бағыштамақшымын.
Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1995-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын», – деп жазды актер.