"Шаршап өлейін деп жүрген кім?" – Роза Әлқожа ел естімеген шындықты ашып айтты

Бүгін, 23:20 / Жамбыл Жайлау
Ашық дереккөзден. Суретте: Роза Әлқожа

Әнші Роза Әлқожа Шымкентте өткен концертіне қарамастан ешқандай табыс таппағанын айтып, өз наразылығын білдірді. Тіпті ол алдағы уақытта сахнаға шығудан бас тартуы мүмкін екенін де меңзеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі уақытта өнер иесі Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүр. Сол жақтан әлеуметтік желі арқылы елдегі тыңдармандарына үн қатып, көңіліндегі ренішін жеткізді.

"Аяқ  астынан Гунчжоуға кетіп қалғаным қандай жақсы болған. Концерттің шығыны мен кірісін айтқан кезде, күлкім келіп жатыр. Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда болмады. Баяғыда Қызылорда мен Ақтөбеде Дастан деген жігіт концерт өткізіп, үш жарым миллион қарызын әлі берген жоқ. Қанша жыл болды", – деді әнші.

Роза Әлқожаның айтуынша, ол өз еңбегінің лайықты ақысын ала алмай отыр, ал концерттен түскен табыстың басым бөлігі ұйымдастырушылардың еншісінде қалып жатыр.

"Осындай концерттерге күлкім келеді. Өліп-өшіп халықтың алдына шығатын – мен. Жүргізетін – мен. Елге жауап беретін – мен. Ән салатын – мен. Бірақ пайдасын көретін – ұйымдастырушылар. Мейлі, ары білсін. "Анаған кетті, мынаған кетті, өйтті, бүйтті" дейді. Ұқит-сұқит. Салпақтап жүрген кім? Еңбегін төккен кім?  Шаршап өлейін деп жүрген кім? Бұдан кейін концерт бермеймін-ау!" – деді Роза Әлқожа.

Тэгтер:

концерт әнші Роза Әлқожа