Пусан – Алматы бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін, 12:18 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

1 мамырдан бастап Пусан мен Алматы арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді.

Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.