Шығыс Қазақстанда инвесторларға заңсыз айыппұл салған тұлғалар жауапқа тартылды

Бүгін, 10:54 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану және агроөнеркәсіптік кешен салаларында жобаларды іске асырушы үш компанияның құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған кәсіпорындардың инвестицияларының жалпы көлемі 117 жұмыс орнын құрумен 8,4 миллиард теңгені құрайды.

«Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС жер қойнауын пайдалану саласында есептілікті ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Осыған ұқсас, «Ертіс» ЖШС және «Altyn Shygys» ЖШС өсімдік шаруашылығының әкелінетін өнімдеріне қойылатын фитосанитарлық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылған.

Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асырушы инвесторларға қатысты әкімшілік істерді қозғауға тек прокурордың келісімімен ғана жол беріледі.

Аталған жағдайларда мемлекеттік органдармен бұл талап сақталмаған.

Прокуратураның наразылықтары бойынша заңсыз қаулылар жойылды. Жіберілген бұзушылықтар үшін үш лауазымды тұлға жалпы сомасы 648 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (707) 126-96-26 телефондары бойынша немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Тэгтер:

инвестор Шығыс Қазақстан