Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды

Бүгін, 09:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 29 сәуір сағат 09:00-де орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 0-2,5 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Жеңіл көліктер үшін қозғалыс қала ішіндегі балама бағыттар арқылы жүзеге асырылады.

Жүк көліктері үшін келесі айналма жолдар қарастырылған:

– «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы» (0 - 30,519 шқ.);

– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» (938 - 946 шқ.);

– «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңажол өткізу бекеті)» (473 - 481 шқ).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 20 мамыр сағат 09:00-де ашу жоспарлануда.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

автожол тасжол трасса Солтүстік Қазақстан