Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жүргізушісі мен күзетшісіне арнап жасалған жаңа үйлердің дайын болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесінің сөзінше, жаңа баспаналарда барлық жағдай қарастырылған.
«Жүргізуші мен күзетшінің жаңа үйлері дайын. Ішінде барлық жағдай жасалған: дәретхана, душ, тіпті кондиционерге дейін бар. Таңғы сағат бесте арнайы техникамен жеткізіліп, үйдің алдына орнатылып жатыр. Үйлер толық жылытылған, қыста жылы, жазда салқын болады. Барлығы заманауи талаптарға сай жасалған», – деді Мақпал Жүнісова.
Мақпал Жүнісова бұл қадамын өзіне адал қызмет етіп жүрген жандарға деген алғысы мен құрметінің белгісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, адам еңбегін бағалау – маңызды құндылықтардың бірі.