Аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан күдікті ұсталды

Бүгін, 12:40 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматыда аялдамада зейнеткер әйелді соққыға жыққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, сот санкциясымен 26 жастағы ер адам қамауға алынған.

«Тергеу қамауға алу туралы өтініш білдірді — прокуратура мен сот оны қолдады», – деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 23 сәуір күні әлеуметтік желілерде жас жігіттің аялдамада тұрған қарт әйелге жақындап, оны жұдырықпен қатты ұрып-соғып, әйел жерге құлағаннан кейін басынан тепкені түсірілген бейнежазба тараған болатын.

Зардап шеккен әйелдің қызы әлеуметтік желіде бұл жігіттің анасына еш себепсіз шабуыл жасағанын жазды.

Тэгтер:

күдікті зейнеткер аялдама соққыға жығу ұрып соғу