Индонезияның Ява аралында ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kompas.com мәліметінше, Бекаси қаласындағы станцияда (ел астанасы Джакартаның шығысында орналасқан) қалааралық пойыз қала маңындағы электр пойызымен соқтығысқан. Апат 27 сәуір кешке болған.
Апат салдарынан 14 адам қаза тапты. Тағы 84 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қалааралық пойызда шамамен 240 адам болған.
Құтқарушылар арнайы техниканы пайдаланып, деформацияланған вагоннан бірнеше әйел жолаушыны босатуға тырысуда. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Нақтыланғандай, қалааралық пойыз арт жағынан тоқтап тұрған жергілікті пойызға соғылған. Ол пойыз теміржол өткелінде тұрып қалған таксиге соқтығысып, тоқтап қалған. Соққы әйелдер вагонына тиген.