Алматыда жас жігіт тұрғын үй подъезінде бұзақылық жасап, қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдымен ол лифт панелін ұрып, кейін еш себепсіз қасында тұрған қызға шабуыл жасап, оны басымен ұрған.Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті 26 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Алматы қаласының полиция департаменті осы факт бойынша Алатау ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі тарапынан жедел шаралар қабылданғанын хабарлайды. Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытып, қызға дене жарақатын келтірген 26 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы аясында жан-жақты құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.