4 млн заңсыз қоңырау: ҰҚК телефон алаяқтығымен айналысқан топты ұстады (ВИДЕО)

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір айында Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.

Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.