27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубльдің орташа бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша, доллар – 464,86 теңге, еуро – 544,03 теңге, рубль – 6,14 теңге деңгейінде белгіленген.
Астана қаласында айырбастау пунктері долларды орта есеппен 458 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 537 теңге, сату бағасы – 547 теңге. Ал рубль 5,81-6,12 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда доллар орташа есеппен 461,4 теңгеден сатып алынып, 463,6 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы сатып алуда – 541,9 теңге, сатуда – 547,2 теңге. Рубль 5,97 теңгеден қабылданып, 6,09 теңгеден сатылуда.