"Тағдырым Бибігүл Төлегеноваға ұқсаған": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

27 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
turkystan.kz коллажы. Суретте: Ақбота Керімбекова мен Бибігүл Төлегенова

Қазақстанның танымал әншісі Ақбота Керімбекова "Өмір өрнегі" бағдарламасында жеке өмірі мен шығармашылық жолы туралы ашық әңгіме өрбітті. Өнер иесі өткен өміріне көз жүгіртіп, ешбір өкініші жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, тағдырдың әр кезеңін сабырмен қабылдап, әрдайым шүкіршілік етуді өмірлік ұстанымына айналдырған. Ол өзінің өнер жолына түсуіне анасының ықпалы ерекше болғанын да жасырмады.

"Өткен өмірімде ешқандай өкініш жоқ. Әрдайым шүкіршілік етемін. Анам да өнеріңді тастама деп үнемі айтып отыратын. Бибігүл апамыздың сұхбатын көріп, тағдырымыз ұқсас екенін байқадым", – дейді әнші.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, лирикалық әндерімен халық жүрегінен орын алған өнер иесі. Оның репертуарында жүздеген ән бар, ал "Аппақ гүлдер", "Бегімайдың жыры" сынды туындылары көпшілік арасында кеңінен танымал

Тэгтер:

әнші Ақбота Керімбекова Бибігүл Төлегенова