Келісімге келді: Прокурор Жанәбіловтерге жаңа мерзім сұрады

Бүгін, 16:21 / Алуа Арман
Ғаламтор

Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында заңсыз кәсіпкерлік ісі бойынша үкім жарияланбақ.

Прокурор Ерболат Жанәбіловке мүлкін тәркілеумен бірге 2 жыл шартты жаза сұрады, ал Эльмира Төлегеноваға — балаларына байланысты 2 жылға кейінге қалдырумен 2 жыл колония жазасын сұрады.

Сондай-ақ прокурордың айтуынша, айыптау тарапы азаматтық талаптан бас тартқан, себебі қорғау тарапы келтірілген залалдың өтелгенін растайтын құжаттарды ұсынған.

 

Тэгтер:

прокурор Жанәбілов