LRT картасын қалай алуға болады?

Бүгін, 15:50 / Алуа Арман
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

28 сәуірден бастап Астана тұрғындары атаулы LRT көлік картасына онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды turkystan.kz.

CTS компаниясының мәліметінше, бұл қызметті 7-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар мен елордада тіркеліп, тұрақты тұратын жеңілдік санатындағы азаматтар пайдалана алады.

«Өтінімдер тек онлайн форматта https://transcard.kz  ресми сайты арқылы қабылданады. Рәсімдеу үшін қажетті деректерді толтырып, құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алатын ыңғайлы орынды (ең жақын әкімдік) таңдау қажет», — делінген хабарламада.

Карта дайын болған кезде өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Дайындау құны — 1 200 теңге.

Компанияның мәліметінше, атаулы LRT картасы тек жеңіл рельсті көлікте жүруге арналған және қалалық әрі қала маңындағы маршруттарға қолданылмайды. Қалған жолаушыларға арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT ресми іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады. Басқа төлем тәсілдері туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Тэгтер:

оқушы карта ЛРТ