Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Бүгін, 15:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

2026 жылдың мамыр айында қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерді, діни даталарды және стандартты демалыс күндерін есепке алғанда 14 күн демалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қосымша демалыс күні 1 мамырға — Қазақстан халқының бірлігі күні сәйкес келеді. Биыл бұл мереке жұма күніне түсіп, бес күндік жұмыс аптасында үш күндік демалыс болады.

Мамыр мерекелеріне байланысты тағы бір ұзақ демалыс күтіледі. Отан қорғаушылар күні 7 мамырда (бейсенбі), ал Жеңіс күні 9 мамырда (сенбі) атап өтіледі. 9 мамырға тиесілі демалыс күні 11 мамырға (дүйсенбі) ауыстырылады, соның арқасында қазақстандықтар қосымша ұзақ демалыс алады.

Сондай-ақ 27 мамыр — Құрбан айт күні де жұмыс күні болмайды. 2026 жылы бұл мереке сәрсенбіге түседі.

Осылайша, барлық мерекелік күндер мен ауыстырылған демалыстарды есептегенде, бес күндік жұмыс аптасы кезінде мамыр айындағы демалыс күндерінің жалпы саны 14-ке жетеді. Бұл айды жылдағы ең көп демалыс беретін кезеңдердің біріне айналдырады.

Тэгтер:

демалыс мереке мамыр