Павлодар облысында екі әйел қатты желден зардап шекті

Бүгін, 14:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында дауыл салдарынан екі елді мекеннің тұрғындары зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірнеше адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Ақтоғай ауылында ғимараттың шатырынан ұшып кеткен шифердің бір бөлігі 1985 жылы туған әйелді соққан. Ол бет жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Науқас Ақтоғай аудандық ауруханасына сағат 15:30-да бетінің соғылып-кесілген жарасымен түсті. Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылды», — деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Павлодар қаласында Камзин көшесінде 34 жастағы әйелдің үстіне ағаш бұтағы құлаған. Зардап шегуші жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын және маңдай тұсында гематома алған. Ол №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Тэгтер:

Павлодар облысы жел