Қазақстанда күн +34 градусқа дейін жылиды

Бүгін, 12:34 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 28, 29 және 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады — жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

«Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезеңде, оңтүстік облыстарда 28–29 сәуірде, шығыс облыстарда 29–30 сәуірде күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман күтіледі», — деп хабарлады метеорологтар.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде, сондай-ақ 28–29 сәуірде Қазақстанның орталығында түнгі уақытта ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы мүмкін.

Күндізгі уақытта Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

батыста +15...+20 градусқа дейін,

солтүстік-батыста +17...+25 градусқа дейін,

солтүстікте +21...+26 градусқа дейін,

орталықта +21...+30 градусқа дейін,

шығыста +19...+27 градусқа дейін,

оңтүстікте +25...+34 градусқа дейін,

оңтүстік-шығыста +22...+27 градусқа дейін.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жауын көктем күн жылиды