ШҚО-да жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды

Бүгін, 09:22 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі аясында ел аумағында есірткі өндірісінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі жойылды.

26 және 22 жастағы екі күдіктінің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Олардың шалғай ауылдардың бірінде үй алып, сол жерде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары мен тінту барысында заңсыз айналымнан зертханалық жабдықтар, 70 келі дайын синтетикалық "Альфа-PVP" өнімі, сондай-ақ шамамен 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді.