Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 08:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бүгінгі бағамдары белгілі болды.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 457,94 теңгеден сатып алынып, 464,88 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 536,93–546,93 теңге аралығында қалыптасқан. Ал рубль 5,81–6,12 теңге шамасында, юань 67,78–73,59 теңге аралығында саудалануда.

Алматыда да валюта бағамы осыған ұқсас деңгейде. Мұнда доллар 462,23 теңгеден сатып алынып, 464,57 теңгеден сатылуда. Еуроның құны 542,18–547,51 теңге аралығында. Рубль 5,97–6,09 теңге болса, юань 68,56–71,38 теңге аралығында саудалануда.