Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық зерттеу орталығы Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 21:09-да болған. Зілзаланың магнитудасы 4,2 баллды құраған.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан.