Бокстан Әлем кубогі: Сұлтан Айбарұлы алтын медаль иеленді

Бүгін, 01:00 / Нұрлан Әлинұр
Olimpic.kz

Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды turkystan.kz.

85 келідегі Сұлтанбек Айбарұлы ақтық сында жарыс қожайыны Кауе Белинимен жұдырықтасты.

Отандасымыз өзінің физикалық артықшылығын пайдаланып, 3 раунд бойы қарсыласын соққылармен күтіп алып отырды. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Сұлтанбекке берді.

Айта кетейік, Сұлтанбек Айбарұлы 2025 жылы Үндістандағы шешуші әлем кубогінде топ жарған еді.