Ақтауда атом комбинатының екі жұмысшысын күйік шалды

26 сәуір, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: primeminister.kz

Ақтауда "МАЭК" ЖШС-інде болған оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, оқиға 23 сәуірде сағат 10:30-да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшы негізгі конденсаторды қышқылмен жуу жатқан. Тұз қышқылының ерітіндісі қышқыл айдау сорғысының көмегімен шланг арқылы берілген.