Өскеменде өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгін, 18:47 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Өскемен қаласында Целинная көшесі бойындағы СТО аумағында сыйымдылықтарда сақталған дизель отыны мен пайдаланылған май 102 шаршы метр аумақта тұтанған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ашық жалын мен қою түтінді анықтады. Дереу өрт сөндіру құралдары қолданылып, жалынды сөндіру жұмыстары басталды және оттың таралуына жол бермеу шаралары қабылданды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.