Шымкент қаласының 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 2024 жылы туған қыз баланың ересектердің қарауынсыз қалып, құдыққа құлап кеткені туралы хабар түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушылары жіберілді. Олар келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды.
Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне алып шықты.
Қыз бала одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.