Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

25 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.