"Сақина беремін": Ақтөбеде кішкентай қызды алдап әкетпек болған азамат ұсталды

24 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
diapazon.kz

Ақтөбе тұрғындары қалада бала ұрлауға әрекет жасалды деген күмәнді оқиға туралы мәлімдеді, деп turkystan.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Есет батыр ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, аулада ойнап жүрген кішкентай қызды белгісіз бойжеткен шақырып, "саған сақина беремін" деп алдап, өзімен бірге алып кетпек болған. Сондай-ақ ол баладан сырғасы бар-жоғын сұраған.

Қыз бастапқыда барудан бас тартқанымен, бойжеткен оны көндіруге тырысқан. Алайда қолайлы сәтті пайдаланып, бала қашып шығып, жақын маңдағы дүкенге тығылған. Бұл жайттың барлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға туралы бірден полицияға хабар берілген. Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, күдікті бойжеткеннің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бұл дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тексеру нәтижесіне сәйкес, заң аясында тиісті шешім қабылданатын болады.

Тэгтер:

Ақтөбе қыз