Белгілі әнші Серік Ибрагимов асыға күткен қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

24 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/ibragimovserik. Суретте: Серік Ибрагимов

Танымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева отбасында тағы бір қуанышты жаңалық бар. Ерлі-зайыптылар төртінші сәбилерін күтіп жүр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жақсы хабарды әншінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Олар арнайы гендер-пати ұйымдастырып, дүниеге келетін сәбидің ұл екенін сүйіншілеген.

"Біз сені күтеміз, балапан", – деп жазды болашақ ана.

Желі қолданушылары жас отбасыны құттықтап, жылы тілектерін жаудырып жатыр. Көпшілік сәбидің аман-есен дүниеге келуін тілеп, ерлі-зайыптыларға бақыт пен береке тіледі.

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Серік Ибрагимов 1988 жылдың 22 қаңтарында Қызылорда облысы Түгіскен ауылында дүниеге келген. Ол көпбалалы отбасында өсіп, ата-анасы тағы алты баланы тәрбиелеген.

Болашақ әнші 5 жасынан бастап сахнаға шығып, музыкаға деген қызығушылығын ерте танытты. Оның талантын байқаған ұстаздары жас кезінен түрлі байқаулар мен концерттерге қатыстырып отырған. Алғашында облыстық деңгейде өнер көрсетсе, кейін республикалық фестивальдерде де өзін көрсете білді.

Серік Қызылорда музыкалық колледжінде білім алып, үрлемелі аспаптарда ойнауды меңгерді. Кейін оқуын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырып, кәсіби шеберлігін арттырды. Оның "Вокзалда қауышқан қыз", "Кел маған", "Жаяу", "Махаббатым", "18 жас", "Қазақпыз бәріміз" секілді әндері тыңдарман арасында кеңінен танымал. 2016 жылы ол Айнамкөз Әбдімаевамен шаңырақ көтеріп, отбасын құрды. 

Тэгтер:

әнші видео Серік Ибрагимов