Бокстан әлем чемпионы басшылық қызметке тағайындалды (ФОТО)

24 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ҰОК. Суретте: Дина Жоламан

Қазақстандық танымал боксшы, әйелдер арасындағы әлем чемпионы Дина Жоламан жаңа қызметке тағайындалды. Ол Ақмола облысындағы спорт мектебінің директоры атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дина Жоламан ұзақ жылдар бойы 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі көшбасшыларының бірі болды. Ол 2016 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болған.

Спортшы Олимпиада ойындарына қатыса алмаған. Себебі оның салмақ дәрежесі тек 2024 жылы ғана Олимпиада бағдарламасына енгізілген. Алайда сол кезеңде алған жарақаты іріктеуден өтуіне кедергі келтірген.

Кәсіби мансабын аяқтаған соң, Дина спорт саласында еңбек етуді жалғастырды. Ол туған жері – Ақмола облысы Жақсы кентіне оралып, енді Жақсы ауданындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқаратын болды.

Тэгтер:

бокс Дина Жоламан