Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті

Бүгін, 16:50 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қостанай қаласының орталығында Тәуелсіздік пен Майлин көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt пен Kia Sportage автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.

«Анықталғандай, қызметтік көлікті қызметтік міндетін атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторы басқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қызметтік автокөлік жедел тапсырманы орындау барысында қосулы жарық дабылдарымен қозғалған», – деп нақтылады ведомство.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Полиция Жол апаты Қостанай