Президент «Болашақ ойындары-2026» турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты

Бүгін, 14:49 / Алуа Арман
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. 

Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.

Сондай-ақ Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.

Тэгтер:

жасанды интеллект