Мемлекет басшысына AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды

Бүгін, 14:29 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.

Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.

Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.