Алматыда 51 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматыда халықты жұмыспен қамту шаралары қарқын алып келеді. 2024-2029 жылдарға арналған Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында қалада жұмысқа орналасу, оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін жағдай жасалып жатыр.
Көрсеткіштер мен азаматтарға арналған мүмкіндіктер:
2026 жылы І тоқсанның қорытындылары. Жыл басынан бері Еңбек мобильділігі орталығына 22 600 адам жүгінді:
- 18 700 азамат жұмыссыз мәртебесін алды
- 9 100 адам жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылды
- 7800 адам жұмысқа орналасты
- 2820 жұмыс орны құрылды
- 2026 жылдың соңына дейінгі жоспар: кемінде 51 мың жұмыс орнын құру.
КӘСІБИ ОҚЫТУ
Бағдарлама еңбек нарығының сұранысына бейімделу үшін сұранысқа ие мамандықты жедел игеруге мүмкіндік береді.
Оқу мерзімі: 6 айға дейін
Төлем: қатысушыларға шәкіртақы (43 574 теңге) немесе жалақы (20 АЕК) төленеді
Бос орындар: 40 мамандық бойынша 516 орын (құрылыс саласы, станок операторлары, аспаздар, тігіншілер және т.б.)
«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Түлектерге алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар: соңғы 5 жылдағы түлектер, жасы 35-ке дейін
Жалақы: 30 АЕК (129 750 теңге)
Қатысу мерзімі: 12 айға дейін
Қазіргі жағдай: 570-тен астам бос жұмыс орны (ІТ, білім беру, медицина, қаржы және құқық салалары)
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Азаматтарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі.
Мекенжайы: Достық даңғылы, 85
(«Әлеуметтік қызметтер үйі»)
Анықтама телефоны: 339-78-58