Жыл басынан бері 342 адам өндірістік жарақат алған

Жыл басынан бері 342 адам өндірістік жарақат алған

Жыл басынан бері 342 адам өндірістік жарақат алған
ашық дереккөзі
Қазақстандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шеккен, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. 2017 жылдың 1 сәуіріндегі бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8 пайызға аз дейді мамандар. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреген. Мұндай жағымды өзгерістерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жұмыс берушілер тарап еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласында қолға алынған шаралардың арқасында қол жеткізді. Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайын жақсарту мақсатында 2016 жылдан бастап ел кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасауға бағытталған жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді. Бүгінгі таңда еліміздегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауда 11 мың 215 өндірістік кеңес құрылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар ескерту-алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарымен кәсіпорындарға барып отырады. Бұдан бөлек Еңбек кодексінде жұмыс берушілерді қызметтерін ерікті түрде декларациялау арқылы ынталандыру тетіктері қарастырылған. Іс-қимылы еңбек заңнамасындағы қажетті талаптарға сай деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты табысталады және тексерістер мен басқа да бақылау шаралары жүргізілмейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауыншақ Қазіргі кезде аталмыш сертификатқа 87 жұмыс беруші ие болған.