Жангелдин ауылында Мұқанғалиевтер отбасы бір уақытта өлтірілмеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиеваты мамыр айында өлтірген, ал қалған үшеуін — қарашада өлтірген.
Тергеу бұл қылмысты ол үшінші тұлғалардың қатысуынсыз, жалғыз өзі жасаған деп есептейді. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылған Өз әрекеттері үшін жауап бере алады.
Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, қаза тапқандардың денесінде ас үй пышағымен салынған көптеген пышақ жарақаттары анықталған.
— Әрқайсысында алты және одан да көп жарақат бар, олар кеуде, мойын және өмірлік маңызды ағзалар тұсына салынған, — деп нақтылады ол.
Сәрсемалиевтің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты әзірге түпкілікті қорытынды шығарылған жоқ. Атырауда мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға бере алмағандықтан, Алматыда қайта сот-психиатриялық сараптама тағайындалған.
Қаза тапқандардың туыстары сот процесінің ашық түрде өтуін талап етіп отыр, олар сотта болған оқиғаның барлық мән-жайы жарияланады деп үміттенеді.
Қылмыстық іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Тергеу жалғасуда.