Алматылық жігіт зейнеткерді аялдамада аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО)

Бүгін, 10:34 / Інжу Әлихан
Скриншот

Алматыда ер адам аялдамада тұрған зейнеткер әйелді ұрып-соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның видеосы желіде тарады.

66 жастағы әйелдің туыстарының айтуынша, ол ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.