Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 07:29 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 462,00 теңгеден сатып алынады, 468,91 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 540,00 теңге, сату - 549,97 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,85 теңге, сату - 6,15 теңге;

- юань 67,03 теңгеден сатып алынады, 73,74 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 463,68 теңге, сату - 466,34 теңге;

- еуро: сатып алу - 542,50 теңге, сату - 547,93 теңге;

- рубль 6,03 - 6,15 теңге аралығында саудаланады.

- юань 68,42 - 71,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.