Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:43 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

24 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.