«Ұрып-соғып, басынан тепкен»: Алматыда ер адам 66 жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Бүгін, 05:56 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Желіде Алматы аялдамасында ер адам қарт әйелді соққыға жыққан видеосы жарияланды. Оқиғаны қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Аталған жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді.

Оқиғаның видеосын зардап шеккен әйелдің қызы Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

"Бүгін Бостандық ауданында, "Алматы" шипажайының маңында менің анама — 66 жастағы қарт әйелге белгісіз жас жігіт шабуыл жасады. Анам аялдамада автобус күтіп тұрған болатын. Ол анамның артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, еш себепсіз қатыгездікпен, аяусыз соққыға жыға бастаған. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны қараудың өзі ауыр. Бірақ мұны көру керек. Мен бұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл жағдай туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймын", — деп жазды әйел.

NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, әйелге шабуыл жасау дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыс ізі суымай ашылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің тұлғасы анықталып, ол ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.