Тамыры терең әліпби

Тамыры терең әліпби

Тамыры терең әліпби
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшуі жайлы сөз қозғап, нақты тапсырмалар бергені белгілі. Осы ретте 27 сәуір күні Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері іс-шарасы аясында «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек. Жиынды  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруда. Конференцияға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. Конференция ұлттық-рухани тамырдан нәр алған ұлттық жаңғырудың қайнары – түркі жазуының өткені мен бүгінін зерделеуді мақсат етеді. Сонымен қатар, отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар өзара тәжірибе алмастырып, түркі жазба мұраларын зерттеуде соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстар баяндалады, түркі жазбаларын зерделеудегі өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру көзделеді.