Абай облысының прокуратурасы орта мектепте бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мектептің бас бухгалтері бюджет қаражатын заңсыз иемденген.
«Мекеменің бас бухгалтері ай сайын өзіне екі есе жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек етпеген күйеуіне заңсыз түрде жалақы аударған», – делінген хабарламада.
Көп жылдарға созылған заңсыз әрекеттер салдарынан бюджеттен 18 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген шығынның бір бөлігі өтелген.