Жамбыл облысы аумағында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Алматы облысы мен Меркі ауданының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тінту барысында олардан шетел азаматтарының фотосуреттері, төлқұжаттары, телефондар, банк карталары, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді.
Сондай-ақ ұсталғандардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге жәрдем көрсеткен көрші елдің азаматтары анықталды.
Қылмыстық топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы және өздерінің заңсыз әрекеттерін ауыл шаруашылығы жануарларын жаюмен бүркемелеп, шетел азаматтарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуді ұйымдастырған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.