Абай облысындағы мектепте 18 млн теңге жымқырылған

Бүгін, 16:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған.

 Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.

Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір келтірілген залал ішінара өтелді.