Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен бәсекеде отандасы Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, Жібек Құлымбетова (52 келіге дейін) және Ажар Салықова (63 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.