Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді

Бүгін, 11:31 / Алуа Арман
istockphoto.com

Черногория Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша, қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады.

Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.

Тэгтер:

туризм Черногория Виза режим