Қазақстандық Ажар Салықова джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы 63 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде иорданиялық Майя Ишакатпен кездесті. Белдесудің қорытындысы бойынша Ажар Салықова жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық спортшы қола жүлде үшін өтетін кездесуде БАӘ өкілі Шамма Әл-Калбанимен күреседі.