Павлодар облысында әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Бүгін, 05:55 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Павлодар облыстық полиция департаменті адам өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Әйел адамның мәйітінің табылғаны туралы ақпарат бүгін телеграм арнасында хабарланды. 

Хабарлама авторының айтуынша, мүрде Ақсу ферроқорытпа зауытынан үш шақырым жерде, Ақсу қаласы бағытында табылған.  Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

- Ақсу қаласында әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді департаменттен.