Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбек демалысы төленбеген

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізу барысында қызметкерлердің демалыс құқығының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудандық әкімдік пен оған бағынысты ұйымдардың 27 қызметкері мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар бола тұра, қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы еңбек демалысын штаттан тыс қызметкерлер ретінде сауықтыру жәрдемақысынсыз, ұзақтығы 24 күнтізбелік мерзім көлемінде алып келгені белгілі болды.  

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлердің конституциялық тынығу құқықтары қалпына келтірілді, тиісті сауықтыру жәрдемақылары төленіп, жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы заңға сәйкес 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды. 

Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар, соның ішінде аудандық әкімдік басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Еңбек қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Тэгтер:

Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметкер еңбек демалысы