Павлодар облысы Ақсу қаласында әйел кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.