Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң – Тоқаев

Бүгін, 13:48 / Інжу Әлихан

Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Бұл туралы Президент Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз.

Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда:

Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін.

Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді», - деді Президент.