Талғарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облысы Талғар ауданында объектілік деңгейдегі техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр.
Тиісті шешім жобасы 2026 жылғы 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» заңның 48-бабына және ТЖМ-нің төтенше жағдайларды жіктеу туралы 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес әзірленген.
– Жобаға сәйкес төтенше жағдайды Талғар қаласы Асан Қайғы көшесі, 8/1 ғимараты мекенжайы бойынша жариялау ұсынылады. Бұл шешім аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 21 сәуірдегі кезектен тыс отырысының хаттамасына негізделген, – делінген құжатта.
Бастаманың негізгі мақсаты – орын алған оқиғаның салдарын жедел жою және әрекет етуші қызметтердің жұмысын үйлестіру.